СҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалдап келген жүргізуші анықталды

Солтүстік Қазақстанда полицейлер қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізіп, бірнеше құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдау фактісі де тіркелді, деп жазады Qazaqstan Media.

Шілденің 23-28 аралығында өңірде «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.  Биыл алты айдың ішінде қоғамдық көліктің қатысуымен төрт жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бес адам жарақат алыпты.

«Тексерістің бірінші күнінде жолда жүру ережесін бұзудың 65 фактісі тіркелді. Оның ішінде 13 жүргізуші жолда келе жатып телефонмен сөйлескені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Техникалық бақылауы жоқ көлікті 7 азамат басқарған. Сонымен қатар, бір жүргізуші жолаушылар мен жүкті заңсыз тасымалдаған»,- деді СҚО ПД  аға инспекторы Азамат Жамұқов.

Облыс орталығында полицейлер мен бірге автобустарды экологтарда тексеріп жүр. Олар ауаның ластануын қадағалауда. 

Жалпы облыста алты айдың ішінде 176 ЖКО тіркелді. Салдарынан 16 адам қаза тапты, 244 азамат жарақаттанды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бойдақ еркектер бала асырау құқығына ие болды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x