Солтүстік Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтарды басқару саласында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес жүргізілген тексеріс нәтижесінде белгілі болды. Мәселен, облыс аумағында 79 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды деген жалған ақпарат ұсынылғаны әшкереленді, деп жазады Qazaqstan Media.

Қатты қалдықтарды төгу мен заңсыз қоқыс алаңдарын ұйымдастыру барлық ауданның бас ауруы. Прокуратура мәліметінше, Мамлют пен Қызылжар аудандарындағы және Петропавл қаласындағы қалдықтар полигондары экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Сонымен қатар, Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Тайынша және М.Жұмабаев аудандарында қалдықтардың арнайы белгіленбеген жерлерге төгілгені анықталды. Заңсыз ұйымдастырылған 79 қоқыс орны жойылды, деген жалған есеп беру фактісі де белгілі болды.

Экологиялық кодекстің 365-бабында көрсетілген талаптарға қарамастан, облыстық Экология департаменті жүйелі құқық бұзушылықтарға тиісті шара қабылдамаған. Бұл өңірдегі нақты экологиялық ахуалды бұрмалауға алып келген. Тексеріс қорытындысы бойынша облыс әкімдігі 2025–2026 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда тарихи қалдық орындарын заңдастыру, мерзімдер, қаржыландыру көлемі, жауапты органдар мен бақылау тетіктері нақты көрсетілген.

«Қадағалаушы орган ұсынысы негізінде 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында Экология департаментінің басшысы, табиғи ресурстар басқармасының басшысы және бірнеше аудан әкімдерінің орынбасарлары бар»,-деп нақтылады СҚО прокуратурасы.

Сонымен қатар 12 ауылдық округ әкіміне жалпы сомасы 1,3 млн теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Тағы оқыңыз: Өңірлерде орақ науқаны басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *