[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/Tolik0047_01.MP4_snapshot_00.01.479-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Александр Винокуров спорт сарайында шайбалы хоккейден облыс әкімі кубогының ақтық кезеңі өтті. Бұл турнирге аудандар мен Петропавл қаласынан 9 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақтық кезеңге Петропавл қаласы мен Мағжан Жұмабаев ауданының командалары шықты. Бұл кездесу қос команда үшін маңызды екендігі белгілі. Ойынның алғашқы кезеңінен бастап қос ұжым да сақ ойнап, бір-бірінің қақпаларынан саңылау таба алмады. Ал екінші кезең шаубылдарға толы болды. Бірінші болып есепті Жұмабаев ауданының хоккейшілері ашты. Алайда петропавлдық команда бірнеше минуттан соң есепті теңестірді. Осылайша, екенші кезеңнің қорытынды есебі 1:1-мен аяқталды. Шешуші үшінші кезең тартысқа толы болды. Нәтижесінде, үшінші кезең де тең есеппен аяқталып, кездесудің жеңімпазы буллиттер сериясында анықталды. Буллиттер сериясының шешуші соққысында Жұмабаев ауданының ойыншысы мүлт кетті. Нәтижесінде петропавлдық команда бас жүлдені жеңіп алды.

«Финалдық ойындарда өнер көрсеткен 4 команданың барлығы да мықты. Біз турнир басталғалы бірде-бір ойында жеңілген жоқпыз. Сондықтан жеңісімізді лайықты деп санаймын», — дейді жарысқа қатысушы Александр Никитенко.

Турнир қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының командасы қола медальды еншілесе, екінші орынға Мағжан Жұмабаев ауданының хоккейшілері тұрақтады. Алтын медаль мен 300 мың теңгенің  сертификаты петропавлдықтарға бұйырды.

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/Tolik0116_01.MP4_snapshot_00.02.020.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x