Жыл басынан төтеншеліктер баспаналарға 2300-ден астам датчик орнатты. Бұл өңірде қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

ТЖД қызметкерлері Былғары зауыты кентіне барып, тұрғындарымен кездесті. Жаднама таратты, баспаналарына түтінге қарсы датчик орнатты.

Алақандай жабдық электр сымы тұйықталып, от тұтанса да, пештен көзге көрінбейтін иіс шықса да сезіп қалады. Сергек дүние шырт ұйқыда жатқан үй иелерін оятады. Дер кезінде көзін ашқан адам дұрыс әрекет етеді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қазір қала аумағындағы жер үйлерді аралап, осындай құрылғы орнатып жатыр.

«Тұрғындардан жылыту пештерін жөндеуден өткізуді және электр сымдарын мұқият тексеруді сұраймыз.
Биыл облыстағы жер үйлерге екі мың үш жүзден астам датчик орнаттық. Осының арқасында қайғылы оқиғалардың саны азайса екен дейміз», — СҚО ТЖД инженері Жарас Тұяқ.

Өрт датчигі батарейкамен жұмыс істейді. Бір салынған қуат көзі 3 айға жетеді.Былғары зауыты кентінің тұрғыны Ольга Заварзина мұндай қауіпсіздік құралы әр үйде болуы керек дейді. Қабырғада датчик қағулы тұрса, өрт туралы ой да мазаламайды.

СҚО-да ТЖД қызметкерлері баспаналарға 2300-ден астам датчик орнатты
СҚО-да ТЖД қызметкерлері баспаналарға 2300-ден астам датчик орнатты

«Төтеншеліктерге алғысым шексіз. Өтінішімді жерге қалдырмай, баспанама датчик орнатып берді. Бұрында балаларымды үйде жалғыз қалдырып кетуге қорқатынмын. Енді баратын жеріме алаңсыз кете аламын. Сонымен қатар, бұған дейін пешті түнде тұрып тексеретінмін. Себебі, тілсіз жау кез келген сәтте бас көтеруі мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ!», деді үй иесі.

Жыл басынан бері аймақта 430-ға жуық өрт оқиғасы орын алды. Өкінішке қарай, салдарынан 27 адам көз жұмған. Қайғылы оқиғаларға электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болды.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімдігі парабиатлоннан әлем чемпионы Ербол Хамитовке пәтер алуға көмектеседі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *