СҚО-да трактор жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар тас жолда жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қайғылы оқиға 18-ші қазанда болған. Жезқазған-Петропавл бағытындағы тас жолда Шал ақын ауданынан Ғ. Мүсірепов ауданына барар жолда «МАЗ» көлігінің жүргізушісі трактормен соқтығысқан. 31 жастағы автомобиль жүргізушісі МТЗ тракторын басып озбақ болыпты.

«Жол-көлік оқиғасынан 65 жастағы трактор жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Осыған қатысты ҚР ҚК 345 бөлігі 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ат спорты түрлерінен ашық кубок ұйымдастырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x