СҚО-да төрт күн ішінде мас күйде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды

Полицейлер төрт күн бойы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Мас жүргізуші» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда, елді мекендерде 140-тан астам автопатруль кезекшілік атқарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Полицейлер Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда екі ауыл арасында шлемсіз жүрген мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Тексергенде оның жүргізуші куәлігі болмай шықты және спирттік ішімдік ішкені анықталды. 41 жастағы ер адам құқық бұзғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жалпы төрт күн ішінде облыс жолдарында мас күйінде көлік басқарудың 18 фактісі анықталды. Қаңтар айынан бері ішімдік ішкен жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 21 адам зардап шекті. Солтүстік Қазақстан облысында жол ережесіне қатысты 1166 түрлі бұзушылық анықталды. Оның ішінде жиі жасалатын қауіпсіздік белдігін қолданбаудың 206 жағдайы, рөлде телефон арқылы сөйлесудің 90 фактісі тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шенеуніктер кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x