[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/profilaktika-grippa-i-drugih-sezonnih-zabolevanii-v2.orig_.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Өңірде тұмау жұқтырғандар саны азаймай тұр. Эпидмаусым басталғалы дертке 262 солтүстікқазақстандық шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
2022 жылдың 14 қазанынан бастап облыста В типті тұмаудың 245 және А типті тұмаудың 17 зертханалық расталған жағдайлары тіркелді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен әлдеқайда жоғары дейді мамандар.
«2021/2022 жылғы эпидемиологиялық маусымда (1 қазаннан бастап 1 сәуірге дейін) өңірде тұмаудың 35 жағдайы тіркелді. Яғни, биылғы көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары. Ауырғандардың барлығы тұмауға қарсы екпе алмаған. Науқастардың ішінде 49 жүкті әйел(19%), 14 жасқа дейінгі 83 бала (32%) тіркелді. Тұмау жұқтырғандардың дені петропавлдықтар», — дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.
Өңірде ЖРВИ бойынша да жағдай мәз емес. Өткен жылғы эпидмаусыммен салыстырғанда, биыл науқастардың саны – 1,6 есе өскен. Вирусты жұқтырғандардың 65% балалар.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, мамандар тұрғындарға қарапайым ережелерді естен шығармауға кеңес береді.
«Ауырып қалмау үшін бетпердені дұрыс кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жеке гигиена ережелерін сақтау қажет. Қолды сабынмен мүмкіндігінше жиі жуу керек, өйткені тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы да таралады. Лас қолмен мұрынның, көздің, ауыздың шырышты қабаттарын ұстамаған абзал. Сонымен қатар, иммунитетті барлық қол жетімді тәсілдермен көтеру керек (дене шынықтыру, жұмыс және демалыс режимін сақтау, толыққанды ұйқы, микроэлементтер мен дәрумендердің, әсіресе «С» витаминінің, сарымсақ пен пияздың жеткілікті мөлшері бар дұрыс тамақтану). Ауырып қалған жағдайда үйде болу керек, дәрігерді шақырып, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін балабақшаға, мектепке бармау керек», — дейді Айнаш Сағындықова.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]