Солтүстік Қазақстанда 8 млрд теңге тұратын зауыт салынатын болады. Ағашты терең өңдеумен айналысатын кәсіпорынға түрік инвесторлары қаржы құймақшы, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 50 мың текше метр өнімді құрамақ. Бұл нысанда жоспар бойынша 300 адам еңбек ететін болады. Зауыт облыс орталығында тұрғызылмақ.
Сондай-ақ облыста желімделген ағаш, үй құрылысына қажетті тақтайларды шығаратын жоба іске асырылатын болады. Оған отандық компания инвестиция салуда. Оның көлемі 3 млрд теңгеге жетеді. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 40 мың текше метр өнімді құрайды деп күтілуде. Кәсіпорында 35 жұмыс орны ашылмақ.
Айта кету керек, Петропавлда ағаш өңдеу кластерін құру аясында ламинатталған фанера шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тегін берілетін дәрілер саны қысқармақ