Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несиспен кездесті. Басқосуда өңір үшін стратегиялық маңызы зор «Сырымбет» қалайы кен орнын игеру мәселелері қаралды, деп жазады Qazaqstan Media.

Жалпы құны 150 млрд теңгені құрайтын бұл жоба аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек. Оның аясында 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.

Кездесу барысында Solidcore Resources құрамына кіретін «Tin One Mining» АҚ мен Айыртау аудандық агротехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты – тау-кен өндірісі саласына қажетті білікті мамандарды даярлау. Бұл жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірдің кадрлық әлеуетін күшейтпек.

Жобаны толық іске қосу 2028 жылға жоспарланып отыр. Оның жүзеге асырылу барысы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында.

Өңір басшысы кездесу қорытындысында «Сырымбет» жобасы облыстың экономикалық дамуына айрықша үлес қосып, жаңа өндірістік бағыттарды дамытатынын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қоғам белсенділері Жолдауды талқылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *