Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан 3500-ге жуық баспана су астында қалды. Қазіргі уақытта олардың 196-сынан су кетті. Осыған орай үйлерде дезинфекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ұлттық сараптама орталығы» РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы Жұлдызбек Жамантаевтың айтуынша, орталық мамандары 22 сәуірден бастап бұл жұмысқа кірісіп кетті. Дезинфекцияны 4 маманнан құралған бригада атқарады. Қазіргі уақытта олар Тайынша ауданында жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін мұндағы 21 үйдің 18-і зарарсыздандырылды.

СҚО-да су кеткен аумақтар дезинфекцияланып жатыр

«Су басқан аумақты дезинфекциялаудағы мақсат – тұрғындардың арасында жұқпалы инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу. Сондықтан су басқан үйлер, олардың аумағы, аула, балалардың ойын алаңы, құдықтар мен ұғымалардың айналасы зарарсыздандырылады. Үйдің ішіне кіріп, міндетті түрде қабырғаларын, еден-есіктерін, ыдыс-аяқты, төсек-орынды, тіпті ойыншықтарға дейін өңдейміз. Соның ішінде жиһаздарды, қабырғалар мен едендерді сүртіп, не болмаса шашу арқылы дезинфекцияласақ, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, көрпе-жастық тыстары, жамылғылар арнайы ерітіндіге салынады», — дейді Жұлдызбек Жамантаев.

Мамандар дезинфекция үшін құрамында хлоры бар кез келген — «Дезэконом», хлорамин, сульфохлорантин, Дезхлор, «ДП Алтай» сияқты препараттарды қолданады.

СҚО-да су кеткен аумақтар дезинфекцияланып жатыр

«Дезинфекциялық жұмыс су кеткен үйлерге жүргізіледі. Әзірге өңірде су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр. Сондықтан негізгі жұмыс алда», — дейді Жұлдызбек Жамантаев.

Тағы оқыңыз: 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x