СҚО-да студенттік жатақханалардың дайындығы тексерілді

Жаңа оқу жылының қарсаңында AMANAT партиясының өкілдері жатақханалардың жағдайын тексерді. Олардың дені студенттерді қабылдауға дайын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік — педагогикалық колледжінің жатақханасы 1989 жылы салынған. Ғимараттың жағдайы жақсы.  Жатақхана 215 адамға шақталған. Дегенмен, колледжге қосымша төсек-орын қажет.

«Бір бөлмеде 2-3 адамнан тұрады. Бізге бөлмелер тар болып көрінді. Айына бір адам 7 мың теңге төлейді екен. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатақханада тегін тұрады. Мұнда медициналық пункт бар. Ғимарат өртке қарсы жабдықтармен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Біз жатақханаға кіреберісте турникет орнату жайлы ұсыныс тастадық. Ал, жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің жатақханасына барғанда терезелер мен есіктерді күрделі жөндеуден өткізіп, жиһаздарды ауыстыру керек екендігін аңғардық»,  — дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайберген.

Бір қызығы, аталған жатақханада күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы жүргізілуі керек болатын. Алайда, оған қаржы қолбайлау болып, шаруа кейінге шегерілген. Жалпы, нысан 270 адамға арналған. Әр бөлмеде 3 адамнан тұрады.

«Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің жатақханасында жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Мұнда қосымша 4 душ кабинасы жабдықталып, жылытқыштар орнатылып жатыр. Ғимарат өртке қарсы құралдарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Бүгіндері терезе жақтауларын ауыстыру бойынша қаражат бөлу қарастырылуда. Облыстық мәслихат депутаттары жастар ұйымдарымен бірлесе отыра 12 жатақхананы тексерді. Олардың барлығы дерлік жаңа оқу жылдына дайын», —  дейді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Біржан Құдайберген.

Жалпы, СҚО бойынша барлығы 19 оқу орнында 22 жатақхана бар. Солардың 3-уі Қозыбаев университетіне тиесілі. Алдағы уақытта партиялықтар тексеріс жұмыстарын одан әрі жалғастырмақ.

Тағы оқыңыз: Елімізде жұмыссыз отырған ата-аналар 21 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x