СҚО-да студенттер есірткі сатқан қылмыскерлермен кездесті

Солтүстік Қазақстанда студенттер есірткі саудасы үшін сотталған қылмыскерлермен кездесті. Әйелдер колониясында өткен жиынға қаладағы бірнеше колледждің студенттері қатысты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Колония аумағына кірмес бұрын жастар арнайы нұсқаулықтан өтті. Тыйым салынған заттардың бар-жоғы тексерілді. Тек содан кейін ғана 30 студентке колония қызметкерімен бірге мекемеге кіруге рұқсат берілді. Іс-шара барысында жастар есірткінің заңсыз айналымы үшін сотталған екі қызбен кездесті.

Петропввлдағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандардың арасында қостанайлық екі бойжеткен бар. Олар әр жерге есірткі жасырғандары үшін 10 жылға сотталған. Ұсталған кезде екеуі де колледжде білім алып жүрген. Енді олар тек жеті жарым жылдан кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыға алады. Сотталғандар оңай жолмен ақша табудың соңы немен аяқталатынын айтып, өз өмірлерін мысалға келтірді.

«Жақындарыңызды сыйлап, бағалаңыздар. Егер үйлеріңізде дау-дамай туындап жатса, алғашқы болып татулыққа шақырыңыздар. Ертеңгі күні алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді», – деді қыздардың бірі.

Тәртіп сақшылары нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу үшін жария сот отырыстарын, колонияларға, наркодиспансерлерге экскурсиямен баруды жиі ұйымдастырмақ. 

Тағы оқыңыз: СҚО-да кеш басталған орақ науқаны өндірістің төмендеуіне әкелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x