Петропавлда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Келісім аясында сотталғандардың білімдерін арттыруға шеберлік сабақтары өткізіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Алғашқы сабақта мамандар сотталғандарға қаржылық сауаттылық жайлы үйретеді. Бастапқы кезеңде өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаладағы қос түзету мекемесіндегі 120 адамды үйрететін болады. Оқыту бағдарламасы да ауқымды.

Меморандумның басты мақсаты темір тордың ар жағына тоғытылған жандар қоғамға бейімдеу. Сотталған нәзікжандылар тігіншілік пен дизайнерліктің қыр-сырын үйренуге арналған курстарға қатысады. Ерлер болса құрылыс саласы бойынша оқытылады. Бастама сотталғандардың түрмеден шыққан соң напақасын табуға зор көмегін тигізеді.

«Курс бағдарламасында жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударылды. Меморандум өңірдегі кадр тапшылығын жойады деген сенімдеміз. Биыл 200-ден астам адамды қамтуды жоспарлап отырмыз»,- деді СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Самаратова.

Тағы оқыңыз: Петропавлда полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды алып шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *