Солтүстік Қазақстан облысында №50 түзету мекемесінде сотталған 22 әйел үшін ерекше оқиға болды. Оларға орта арнаулы білім туралы дипломдар табысталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Темір тордың арғы жағында болса да, білімдерін шыңдап, мамандық игеремін деген жандар аз емес. Солардың 22-сі биыл жаңа мамандық бойынша білім алып, оқуларын сәтті аяқтады. №50 мекемедегі 22 сотталған әйелге  орта арнаулы білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом табысталды. Ол салтанатты түрде ұйымдастырылды.

«Бітіргендердің ішінде 12-сі – көгалдандыру шебері, ал 10-ы – шаштараз-стилист мамандығын меңгерген. Алған білімдері мен кәсіби дағдылары олардың әрі қарайғы әлеуметке бейімделуіне, өзін-өзі жүзеге асыруына және жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер ашады»,-деп жазады СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавл мектептерінде 4,5 мың оқушыға орын жетіспейді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *