СҚО-да сотталған әйел түрмеде некесін қиды

Солтүстік Қазақстанда әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан келіншек некесін заңдастырды. Ол 2023 жылы бас бостандығынан айырылған екен, деп жазады Qazaqstan Media.

56 жастағы жазасын өтеп жатқан келіншек үшін бұл екінші некесі. Бірінші күйеуі 2008 жылы науқастанып, көз жұмыпты. Сотталғанған дейін әйел түрлі салада жұмыс істеген. Қазіргі жолдасымен 15 жыл азаматтық некеде тұрса да, заңды түрде ерлі-зайыпты ретінде енді тіркелді.

«Ол мені және балаларымды қатты сыйлайды. Әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Мен сотталғаннан кейін де хат алмасып, хабарласып тұрдық. Телефон арқылы сөйлескен кезде ол маған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады. Мен келістім. Біз осыған дейін де некемізді қимақ болғанбыз. Онда күйеуім ауруханаға түсіп келе алмай қалды. Мен өзімді бахытты сезінемін. Үйде мені балаларым, немерелерім және жолдасым күтіп отыр. Істеген ағат ісім үшін өте өкінемін. Бірақ өмір жалғасады, туғандарым, жақындарым мені кешіреді деп ойлаймын», — деп өз ойымен бөлісті сотталушы.

Мекеменің әкімшілігі жұбайлардың неке қию рәсімін екінші қыркүйекте ұйымдастырды. Оған қоса, той сыйлығы ретінде 15 минуттық қоңырауға қосымша бонус берді.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Петропавлдағы түрмеде 300 қыз-келіншек жазасын өтеп жатыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда бензин кей жанармай құю бекеттерінде талонмен беріліп жатыр

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x