Солтүстік Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау жағдайлары артқан. Эпидмаусым басынан бері 24268 жағдай ЖРВИ тіркелген. Бұл өткен эпидмаусыммен салыстырғанда 3,4%-ға төмен болса да соңғы апталарда сырқаттану көрсеткіші қайта өсіп отыр. Қазір ауруханада 319 пацмент ем қабылдауда, деп жазады Qazaqstan Media.
Ауруға шалдыққандардың ең көп бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Олар барлық тіркелген жағдайдың 68,4%-ын (16599 бала) құрайды. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың иммундық жүйесі маусымдық вирустарға әлсіз келеді, сондықтан симптомдар байқалған бойда дәрігерге жүгіну қажет.
Соңғы аптада өңірде 5889 жаңа жағдай тіркелген. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 33,9%-ға көп. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде облыста грипптің A/H3N2 түрінің 91 жағдайы расталды. Бұл штамм жоғары температура, қатты интоксикация және жылдам асқынуларымен қауіпті.
Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 319 пациент ем қабылдап жатыр. Оның ішінде: 54 ересек, 265 бала.
Зертханалық түрде расталған 29 грипп жағдайы тіркелген. Дәрігерлердің бақылауында 4 жүкті әйел, 24 бала бар.
Денсаулық сақтау басқармасы ауыр жағдайда жатқан немесе реанимацияға түскен науқастар жоқ екенін хабарлады.
«Егер эпиджағдай ушығатын болса медициналық мекемелер қосымша жатыр орындар ашуға дайын. Резервте 55 орын бар. Оның 20-сы ересектергеғ 35-і балаларға арналған»,- деді жауапты ведомство.
Тағы оқыңыз: Петропавл қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы тағайындалды

