Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» серіктестігінің шошқа кешенінде 4 бірдей қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Новоивановка ауылындағы шошқа кешенінің бордақылау алаңынан 4 адамның денесі табылды. Олар тереңдігі 8 метр болатын кәріз жинағышын тазарту кезінде мерт болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов оқиға орнына аттанды.
«Тайынша ауданындағы кәсіпорында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамын. Болған оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құруды тапсырдым. Қазір мамандар жұмыс істеп жатыр», — дейді СҚО әкімі.
Өңір жетекшісі зардап шеккендердің отбасыларына барып, көңіл білдірді.
Тағы оқыңыз: Күзде қант қымбаттай ма – министр жауап берді