Жыл бойы өңір намысын абыроймен қорғаған жас спортшылар құрметке бөленді. Петропавлда ашихара каратеден республикалық додаларда атой салған ұл-қыздар марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аталған шара болашақ әлем чемпиондарына жігер беріп, алдағы бәсекелерде тұғыр биігінен көрінуге септесері сөзсіз. Шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері қатысып, аталған спорт түріне ұдайы қолдау көрсетілетінін жеткізді. Ал ашихара каратеден жаһандық додаларда жүлде алған спортшылар мына отырған ұл-қыздарға баға жетпес ақылын айтты.

СҚО-да республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді
СҚО-да республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді

«Биыл спорт клубының 7 спортшысы ел чемпионаты мен кубогында атой салды. Республикалық додалардан барлығы 15-ке жуық жүлде еншіледік. Бұл — жыл бойы талмай еңбек етуіміздің арқасы. Жаттығудан қалмайтын, жауапкершілігі мол жастар ғана жетістікке жете алады», — «QAGAN ACADEMY SKO» спорт клубының басшысы Ақжан Нәкенов.

Әділханның Айтжанның шапшаңдық пен шыдамдылық сыналатын спортпен айналысып жүргеніне 4 жыл болған. Жігерлі жас ағасының жолын қуыпты.

СҚО-да республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді
СҚО-да республикалық додаларда атой салған жас каратешілер құрметке бөленді

«Биыл Астанада өткен ел чемпионатына қатысып қола жүлде еншіледім. Араға бір ай салып, Павлодарда өткен Қазақстан Кубогында күміске ие болдым. Қос республикалық додада да чемпион атануға сынық сүйем ғана жетпей қалды. Қателіктерімнен сабақ алдым. Олқылықтардың орнын толтырып, келесі жылы барған жарысымнан тек жеңіспен оралуға тырысамын», — деді ашихара каратеден ел чемпионатының жүлдегері Әділхан Айтжан.

Ашихара — каратенің басқа түрлеріне ұқсамайды. Мұнда соққы жасаумен қатар, күресуге, аяқтан шалуға рұқсат етіледі. Яғни, ашихара каратемен айналысып жүріп, басқа да спорт түрлерінен жарыстарға қатысуға болады. Айта кету керек, облыста 200-ден астам бала ашихара каратемен айналысады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі жылдың ішінде жеті заманауи мектеп ашылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *