СҚО-да полиция қызметкерін көлік қағып кетті

Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Соққы салдарынан 48 жастағы тәртіп сақшысы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 28 сәуір күні Челябі–Новосібір тас жолында болған. Полиция қызметкерін соғып кеткен адам жол апаты болған жерді тастап қашқан.

«Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Оған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану кезінде абайсызда адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық жас өнертапқыш ауадан су өндіретін құрылғы ойлап тапты

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x