СҚО-да полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсамақ болған зейнеткерді құтқарып қалды. Ағаш ішінде қолында арқаны бар ер адамды тәртіп сақшысы бейнекамералар арқылы көріп қалған, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданында полиция қызметкері Азамат Кенжеболатов зейнеткерді ажалдан аман алып қалды. Тәртіп сақшысы әдеттегідей кезекші бөлімде жұмысында болған. Сағат 16:00 шамасында «Қауіпсіз қала» жүйесі арқылы Булаев қаласының шетіндегі қайың тоғайында бір ер адамның жүргенін байқады. Қолындағы арқанды да байқаған. Азамат Кенжеболатов бірден учаскелік инспекторға хабарласып, жағдайды баяндады. Сонымен қатар оқиға орнына тез жету үшін 16 жастағы ұлы Жандосқа хабарласып, инспекторға нақты орынды көрсетуін сұрайды. Учаскелік инспектордың жедел әрекеті нәтижесінде 67 жастағы ер адам аман-есен полиция бөліміне жеткізілді. Қарияның айтуынша, өмірлік қиындықтарға байланысты ол өз-өзіне қол жұмсауды ойлаған. Қазіргі уақытта оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Факті бойынша бойынша қажетті тексеру жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Шал ақын аудандық кітапханасына – 90 жыл: Руханият пен ағартушылықтың алтын арқауы