Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Қара бизнесте жүргендер полицейлерден қашпақ болады. Алайда, алматылық жігіттер қолға түсіп, қамауға алынды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамыр айының басында Петропавл қаласының шетінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері BMW автокөлігімен жүрген үш күдіктіні ұстады. Рөлде отырған Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсетіп, көлікпен жасырынуға тырысқан. Соңынан қуған кезде көліктің ішіндегілер терезеден қара түсті барсетканы лақтырып жіберген. Оның ішінен шамамен салмағы 1 келі ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншек табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл α-PvP деп аталатын синтетикалық есірткі екені анықталды.

Күдіктілер алысқа ұзамай, Жұмысшы кентінен шыға берістегі айналма жолда ұсталды. Жүргізушіден бөлек көлік ішінде 35 жастағы тағы бір алматылық және Астана қаласында тұратын 24 жастағы қыз болды. Екі ер адам уақытша тұрып келген Көкшетау қаласындағы жалдамалы пәтерден синтетикалық есірткі салынған түйіншектер, электрондық таразы, буып-түю материалы, 1 келі синтетикалық есірткі, сондай-ақ 20 грамм гашиш тәркіледі.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 келі α-PvP және 0,5 келі мефедрон. Екі алматылық күзетпен қамауға алынды. Аса ірі мөлшерде есірткі өткізу фактісі бойынша қылмыстық тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Руслан Үмбетов.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Солнечный – 2 шағын ауданы көшелерінің жартысында жарық жоқ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *