Петропавл қаласының шетінде полицейлер 48 жастағы қала тұрғынын синтетикалық есірткіні таратты деген күдікпен ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен қызғылт түсті кристалл тәрізді зат салынған 15 түйіншек табылып, тәркіленді, деп жазады Qazaqstan Media.

Күдіктінің көрсеткен орындары бойынша алдын ала жасалған «қалташалар» да анықталды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 40 граммға жуық α-PvP синтетикалық психотроптық заты, бұл шамамен 300 рет қолдануға жететін доза.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қамауға алынды. Оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Оперативтік мәліметтерге сүйенсек, ол есірткі сату ісімен тамыз айынан бері айналысқан.

Жыл басынан бері облыс аумағында 132 күдікті есірткі сату фактісі бойынша ұсталды, олардың ішінде 13 әйел бар.

Полицейлер тұрғындарды есірткі қылмысына қарсы күреске бейжай қарамауға шақырады. Кез келген күмәнді деректі мына байланыстарға хабарлауға болады: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефоны — 8 (7152) 39-41-93 (тәулік бойы);
WhatsApp — +7-707-500-95-65;
Instagram Direct — upn_dp_sko.

Тағы оқыңыз: Тимирязев ауданына 2026 жылы екі халықаралық жоба іске қосылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *