Петропавлда педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті. Алқалы жиынға «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттер мен даму бағыттарын айқындайтын маңызды алаңға айналды. Ағымдағы жылы облыстың білім саласында ауқымды өзгерістер орын алған. Маңызды ақпармен өңірдің бас ұстазы Айнагүл Сұрағанова бөлісті.

СҚО-да педагогтер алдағы оқу жылына жоспар құрды
СҚО-да педагогтер алдағы оқу жылына жоспар құрды

«Облыста 450-ге жуық мектепке дейінгі ұйым бар. Оларда 15 мыңнан астам бала оқиды. Қажеттілік үш пайызды ғана құрайды. Жыл сайын балабақшалардың да саны артып келеді. Биыл қажеттілік 3622-ден 2651-ге дейін қысқарды» -, деді облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Шарада көрме де қанат жайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандар конференцияға қатысушы мамандарға жұмысты жеңілдететін жаңа технологиялар жайлы айтып берді. Ұстаздар игі бастамаларды өз мектептерінде қолданатыны сөзсіз.

«ROQEDAI»платформасы жасанды интеллектпен тығыз байланысты. Бәрі білетіндей, мұғалімдер жоспарды сағаттап толтырады. Мына жаңашылдықтың көмегімен бес минутта жұмысты аяқтауға болады»-, деді астаналық «STEM»компаниясының менеджері Ләйлім Өмірбек.

Алқалы кеңеске еліміздің түкпір-түкпірінен білікті мамандар шақыртылды. Олар білім беру саласын дамытуға арналған бірнеше тың жобалармен бөлісті. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

СҚО-да педагогтер алдағы оқу жылына жоспар құрды
СҚО-да педагогтер алдағы оқу жылына жоспар құрды

«Биыл облысымыздағы бес білім ұясы республикадағы үздік 100 мектептің қатарына кірді. Салаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бірнеше мектеп пен балабақша салынып жатыр. Жауапты басқармаға құрылыс жұмыстарын жіті қадағалауды тапсырамын. Балалардың игілігі үшін жасалған әр іс сапалы болуы тиіс», — деді облыс әкімі.

Шара барысында 34 адам облыс әкімі мен Оқу-ағарту министрлігінің атынан түрлі деңгейдегі наградалармен марапатталды. Оның ішінде білім ұяларының техникалық қызметкерлері де бар.

Өңірімізде мамыр айында «Ең үздік мектеп» байқауы жарияланған болатын. Сайысқа облыстағы барлық білім ұясы өтінім берді. Бүгін мерейі үстем болған оқу орны анықталды. Жеңімпаз — №3 Бескөл орта мектебі. Білім ұясына 68 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Тағы оқыңыз: Атышулы «Nostalgie» дәмханасына арызданған тұрғын мекеме иесіне 150 мың теңге төлеуі тиіс

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *