СҚО-да Орталық Азиядағы ірі қараға арналған мега ферма ашылады
Сегіз мың бас малға арналған ірі ферманы «Зенченко и К» КС салып жатыр. Оған жеке кәсіпкер тоғыз млрд теңге ақшасын құйып отыр. Бұл Орталық Азиядағы ірі ферма болмақ. Барлығы ойдағыдай болса жылына фермада 26 мың тонна сүт өндірілетін болады, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстанда мал шаруашлығы жақсы дамып келеді. Әсіресе сүтті ірі қараны бағып, ұстау оң жолға қойылған. Биылдың өзінде өңірде 11 жаңа ферманың қолданысқа беру жоспарланып отыр. Оның ішінде ең ірісін «Зенченко И К» КС салып жатыр. Ферма сегіз мың басқа арналған. Бұл Орталық Азиядағы ірі сүт фермасы болмақ. Оған жергілікті бизнесмен өз қалатасынан тоғыз млрд теңге жұмсап отыр. Былтыр 17 сүт кешені іске қосылған болатын.

Мега ферманың құрылыс барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Ол іске қосылған кезде жылына 26 мың тонна сүт өндірілетін болады. Сонымен қатар, өңір басшысы Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында егіс алқаптарын аралап, ауылда салынған көпфункионалды балалар алаңы мен спорт алыңын көрді.
Сондай-ақ, заманауи жүйелерімен жабдықталған «Сервис Жарс» ЖШС жоңышқа алқабындағы шөп шабу барысын тексерді. Шаруашылық жоңышқа өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Мұнда облыс әкімі аудан диқандарымен көктемгі егіс науқанына байланысты жиын өткізді.

Облыстағы тағы бір маңызды жоба — төрт аудан арқылы өтетін «Жезқазған–Петропавл» республикалық автожолын орташа жөндеуі. Жұмысқа бірнеше мердігерлік ұйым тартылған. Жұмыстар жолдың әртүрлі учаскелерінде бір мезгілде орындалады. Екі жыл ішінде 135 км асфальтталды, биыл жоспар — 215 км. Жыл соңына дейін Покровка –Бескөл ауылдарының арасында, сондай-ақ Сергеевкадан Ақмола облысының шекарасына дейін асфальт төсеу аяқталады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да марихуана тасымалдаумен айналысқан алты азамат ұсталды