Облыс прокурорлары білім ұяларын тексеру барысында оқушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің талаптарды сақтамағанын анықтады. Кінәлі тұлғалар мен мектеп директорлары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО прокурорлары білім ұяларын тексеру барысында оқушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушілерінің талаптарды сақтамағанын анықтады. Дәлірек айтсақ, М.Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов ауданындағы кей мектептердің тасымалдаушы көліктері сары жыпылықтайтын шамдармен және міндетті сәйкестендіру белгілерімен жабдықталмаған. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдіктері мен дабыл түймесі де болмапты.

Шал ақын ауданындағы мектеп автобустарында мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіргіштерді пайдаланылған. Ал Петропавлда оқушыларды тасымалдайтын жүргізушілер міндетті медициналық тексерістен өтпепті.

«Қадағалаушы орган өкілдері кінәлі тұлғалар мен мектеп директорларын жауапқа тартты. Анықталған бұзушылықтар жойылды», — деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Өңірде су айдындарын аэрациялау жүргізілуде

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *