СҚО-да 7 медициналық нысанның құрылысы басталды. Мекемелер «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы арқылы екі жылдың ішінде елді мекендерді, оның ішінде шалғайда жатқан ауылдарды медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етужоспарланған. Бұл жұмыс аудандық ауруханалардыкөп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғыртып, ауылдағы медициналық көмектіңбасқа да бағыттарын жетілдіруге септеседі.
Сонымен қатар, 655 медициналық объекті салынбақ. 99 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді.
Ұлттық жобаға сәйкес біздің өңірде 7 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны пайда болады.Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталыпкетті.
“Бұл Ғабит Мүсірепов ауданындағы Тахтаброд және Привольное ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер, Жамбыл ауданының Кладбинка ауылындағы медициналық пункт, Қызылжар ауданының Якорь және Прибрежное ауылдарындағы, М. Жұмабаев ауданының Қарақоғажәне Возвышенка ауылдарының дәрігерлік амбулаториялары”, — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.