СҚО-да мас күйде машина айдаған ауыл әкімі әдеп жөніндегі кеңеске сынып жетекшісімен келді

Жылдың басында Көкшетауда мас болып, рөлге отырған Тайынша ауданындағы Чкалов ауылдық округінің әкіміне қатысты іс әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Шенеунік осыған дейін ауырып жатырмын деп, отырыстарға келмей, жұмысқа да шықпай жүрген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі Сәкен Садуақасов 27-ші қаңтар күні мас күйде полицейлерге ұсталған болатын. Оқиға Көкшетауда орын алды. Бұл әрекеті үшін шенді 15 тәулікке қамалып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді. Бірақ мемлекеттік қызметкердің үстінен қозғалған тәртіптік іс осы күнге дейін әдеп жөніндегі кеңесте қарастырылмады. Себебі, Сәкен Садуақасов содан кейін жұмысқа шықпаған.

«Мен өз кінәмды мойындаймын. Машина аулада тұрған еді. Оны маңындағы автотұраққа қоймақшы болдым. Сол кезде полицейлер ұстады. Бұл сенбі күні болатын. Бұған дейін де арқам, омыртқам ауырып мазалап жүрген еді. Біраз емделуге тура келді. Қазір біршама жақсарды», — деді ауыл әкімі Сәкен Садуақасов.

Мас шендіні ұстаған полицейлер оны бірден медициналық куәландырудан өткізген. Оның орташа мас күйде болғаны анықталды. Қазір ауыл әкімі жұмыстан уақытша шеттетілген. Әдеп жөніндегі кеңесте оны қолдап ауылдастары бірге келген. Ішінде тіпті мектепте сабақ берген мұғалімі де бар.

«Бұл оқиға мен үшін күтпеген нәрсе болды. Сәкен  туралы  мен тек  жақсы жағынан ғана айта аламын.  Ол біздің ауылдық оркугке келген сегізінші әкім. Білім ошағымен үнемі балйныста болған жалғыз жетекші. Сәкеннің халық арасында беделі зор. Жуық арада ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді. Бұл туралы әңгіме көп айтылып жүр, ол қызметке кімнің келгісі келетінін де білемін. Ол адамдар ешқандай жаңалық әкелмейді. Оларға билік керек. Сәкен секілді шаруаның адамын табу екіталай», — деді  отырыста  Борис Галицкий.

СҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Абзал Оразымбетов, Сәкен Садуақасов мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің бірнеше пунктерін бұзғандығын айтты.

 

«Садуақасов өзінің іс-әрекеті арқылы қоғам тарапынан үлкен сынға ұшырады. Мемлекеттік қызметтің имиджіне кір келтірді. Ол жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларды бұзды, орташа мас күйде көлікке отырып, жол қозғалысына қауіп төндірді. Оған заңды күшіне енген сот актісі дәлел», — деді Абзал Орзымбетов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шенеуніктің бұл әрекетін біраз талқыға салып, дауыс берді. Олардың үшеуі шенеуніктің бұл ісі ақтауға келмейтіндігін, кешіруге болмайтындығын айтып, оны жұмыстан босату керек деп дауыс берді. Екі адам қатаң сөгіс, ал біреуі қызметіне толық сай емес деген ескерту жасау керек деп шешті.  

Тағы оқыңыз: СҚО-да шілде айы жаңбырлы болады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x