СҚО-да мұғалім жағрафия мен футболды ұштастыра отыра сабақ береді

СҚО мұғалімі Мұрат Ортамышев оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жағрафия пәнін  футбол тақырыбымен ұштастырды. Оқытудың бірегей әдістемесін әзірлегені үшін биыл ол   республикалық педагогикалық идеялары фестиваль-байқауында  1-орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

 М.Жұмабаев ауданының Қарақоға орта мектебінің жағрафия пәнінің мұғалімі бұл мәселенің шешімін футболдан тауып, өзінің бірегей әдісін ойлап тапты. Жаңа әдістемені ол «Гео-фуд» деп атады. Айталық балаларға болатын футбол алаңындағы ойыншылардың бейнесі бар онлайн тақтаны  жасау ұсынылады. Әрі өткен сабақты қаншалықты меңгергендігіне қарай өзін белгілі бір ойыншы ретінде белгілейді.

СҚО-да мұғалім жағрафия мен футболды ұштастыра отыра сабақ береді СҚО-да мұғалім жағрафия мен футболды ұштастыра отыра сабақ береді

Шабуылшы-гол соғады

Жартылай қорғаушы-пас береді

Қорғаушы-қорғаныс туралы ойлайды

Қақпашы-голды өткізіп жібереді

Қосалқы ойыншы-сырттан не болып жатқанына бақылайды.

Рефлексиялық белсенділіктің алгоритмі келесідей: жеке бағалау, топта пікір алмасу.

«Мұндай сабақтар оқушылардың қызығушылығын оятады, тіпті нашар оқитын  балаларда да сабаққа белсене қатысып, тақырыпты меңгереді. Бұл әдісті тек жағрафияға ғана емес, басқа пәндерде де қолдануға болады.»,-дейді Мұрат Ортамышев. 

 Жаңа әдіс оқушылардың білім деңгейін айтарлықтай арттырып,  оқу процесінде жаңа формаларды, әдістер мен технологияларды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Оқытудың бірегей әдістемесін әзірлегені үшін биыл Мұрат Ортамышев  республикалық педагогикалық идеялары фестиваль-байқауында  1-орынға ие болды.

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x