СҚО-да кешеден бері толассыз жауын-шашын жаууда. Осыған байланысты 30 желтоқсан сағат 08:30-да кейбір жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шектеу көлік көп жүретін республикалық жолдарға қойылған. Бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шара. Рөл тізгіндеген жандарға мына учаскелерде жүруге болмайды.

— «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Келлеровка ауылы);

— «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);

— «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).

Жолды 30 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Қаңтарда қазақстандықтар 12 күн демалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *