Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері көкжөтелдің 62 расталған жағдайы тіркелген. Бұл былтырғыдан 60 фактіге көп. Яғни 2023 жылдың жеті айында тек 2 адам көкжөтелмен ауырыпты, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыс бойынша көкжөтел жұқтырғандардың саны сәуір айында көп болған -16 жағдай. Ең азы ақпанда тіркеліпті. 4 жағдай. Ал, жалпы жыл басынан 62 адамда аталмыш ауру расталған.
«Сырқаттанғандардың 94%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Ең көп науқастар Петропавл қаласында анықталды. 49 жағдай. Сонымен қатар, аудандар арасында Қызылжар ауданында -6, Айыртау ауданы – 2 және Есіл, Мамлют, Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Шал ақын аудандарында 1 науқастан тіркелді. Сырқаттанғандардың 90% екпе алмаған жандар»,- деді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.
Көкжөтел – ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауруы. Негізінен балалар ауырады.
«Көкжөтелдің қоздырғышы ауа арқылы таралады, ол науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде енеді. Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті. Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жоқ.
Балаларды және барлық ересектерді көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі — ерте балалық шақтан басталатын вакцинация»,- деп толықтырды Әсет Жұматаев.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Жас өркен шағын ауданындағы айналма жолында көлік қозғалысына шектеу қойылады