Солтүстік Қазақстанда әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Онда кәсіпкерге кедергі келтіріп, тиісті құжаттарға екі ай бойы қол қоймай келген шенеунікке қатысты ісі қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Биыл Қызылжар ауданында кәріз желілерін сенімгерлік басқаруға беру үшін арнайы тендер жарияланған. Оны «Триатэ» ЖК жеңіп алған. 13 мамыр күні конкурстық комиссия қажетті құжаттарға қол қойған. Бірақ Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Елдар Зәкірин істі созып жіберген.

СҚО-да кәсіпкерге кедергі келтірген шенеунік жазаланды

«Министрлік бекіткен тиісті ережелердің 48-тармағының талабына сәйкес арнайы веб-порталда жеңімпаз кәсіпкер мен жауапты маман  электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып 10 жұмыс күні ішінде келісімшартқа қол қоюлары қажет болған. Алайда, тексеріс барысында біз аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Елдар Зәкірин ешқандай себепсіз  екі ай көлемінде бұл құжатты растамағанын анықтадық. Тек біздің араласуымыздан соң ғана бұл іске нүкте қойылды», — деді Қызылжар ауданының прокуроры Қайсар Әбіш.

Жалпы жоба құны- 108,2 млн теңге. Яғни, талапқа сай кәсіпкер жобалық-сметалық құжат әзірлеп, кәріз желілерін қайта қалпына келтруі керек болған. Алайда, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының жауапсыздығынан бұл жұмыстар уақытылы орындалмаған. Сонымен қатар, «Триатэ» ЖК кепілдік ретінде енгізген 100 мың теңге көлеміндегі қаржысы күйіп кеткен.

Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік тергеу материалдарын қарап, баяндамашылардың ақпаратын тыңдай отырып Елдар Зәкіринға қызметіне толық сай емес деген ескерту жасады.

Тағы оқыңыз:СҚО-ның өрт сөндіру қызметі 5 млн теңгеге жиһаз алмақ болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x