СҚО Аққайың ауданындағы Қиялы ауылында «Гагарино» ЖШС 400 басқа арналған сүт-тауарлы ферма сала алмай жүр. Кәсіпкерге тиісті жер бөлінген, алайда құрылыс орнынан 300 метр жерде ойық бар. Сондықтан ол жер картада су объектісі орналасқан деп көрсітіліп тұр. Яғни, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат жоқ. Ал кәсіпкердің сөзінше, онда көктемде еріген қар суы жиналады екен. Бизнесменнің  мәселесі бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында талқыланды, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі.

«Гагарино» ЖШС негізінен өсімдік шаруашылығымен айналысады. Сүт-тауарлы ферманың құрылысына серіктестік басшылығы жеңілдетілген бағдарлама бойынша несие алған. Қазіргі уақытта ферманың іргетасы қаланған. Және жем-азықты да алдын ала дайындап қойған. Алайда кәсіпкер әлі күнге дейін ферманы сала алмай жүр.

«Қазіргі уақытта біз тығырыққа тіреліп тұрмыз. Себебі, құрылыс жүргізелетін жерден 300 метр алаңда табиғи ойық бар. Ол картада көл деп көрсітіліпті.  Алайда онда тек еріген суы жиналады. Ал маусым, шілде айларында тіптен құрғап кетеді. Енді, жұмыс тоқтап тұр. Себебі, экология департаменті тағы да басқа құзырлы органдардан рұқсат жоқ», — дейді «Гагарино» ЖШС директорының орынбасары Марат Қарымсақов.

Ал су ресурстарын пайдалану мен реттеу жөніндегі Есіл бассейіндік инспекциясы бұл ойықты тіптен су объектісіне де, көлге де жатпайтынын айтты.

«2022 жылы наурыз айында бұл жоба elicense.kz сайты арқылы қарауға жіберілді. Кәсіпкер өз жобасында құрылыс маңында «Шарын теңіз» көлі орналасқан деп жазыпты. Бірақ ол жер көл емес атауы жоқ су объектісі екенін анықтадық. СҚО өзен-көлдерге бай мекен. Бізде үш мыңнан астам су обеъктісі бар. Оның 87-сінде суды қорғау жолағы орнатылған. Ал бұл ферма салынатын жерге ешқандай ондай жолақ қойылмаған. Оны жергілікті атқарушы органдарда қажет деп таппаған», — дейді «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» РМК Солтүстік Қазақстан аумақтық басқармасының басшысы Әсия Есімсейітова.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері ойықтың нақты мәртебесін анықтау қажет дейді. Сондықтан алдағы уақытта ғылыми ұйымға сауал жолданбақ.

Тағы оқыңыз:Әскерге барудан бас тартқандар бір жылға түрмеге қамалады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x