Биыл облыста егін жинау науқаны тамыз айының үшінші онкүндігінде басталады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасы мен элеваторлар 100 пайызға дайын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл облыста 4,4 млн га жерге егін егілді. Олардың ішінде 3,3 млн га дәнді дақылдар болса, 674,2 мың га жерге майлы, 354,1 мың га мал азықтық дақылдар, картоп 7,5 мың га және көкөніс 1,0 мың гектарды құрады. Метеорологиялық мәліметтерге сәйкес, 1 тамыздағы жағдай бойынша облыста жауын-шашын мөлшері 181 мм-ден 337 мм-ге дейін артқан. Ал тиісті норма бойынша 142-187 мм болуы қажет. Бұл қажетті нормадан 207 пайызға артық екен. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазір дәнді дақылдардың 80 пайызы жақсы, ал қалған 20 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

«Өңірде топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында минералды тыңайтқыштар енгізу жұмыстары жүргізілді. Облыста 3,2 миллион гектар алқапқа 256,6 мың тонна тыңайтқыш енгізілді.Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2022–2026 жылдарға арналған жаңа ұлттық жобасы аясында фермерлерге отандық тыңайтқыштарды сатып алу үшін аванстық субсидиялаудың жаңа тетіктері енгізілді. Бұл тетік бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. 19 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 256,6 мың тонна минералды тыңайтқыштар жөнелтілді. Оның ішінде «ҚазАзот» АҚ – 4,1 мың тонна аммиак селитрасына 32 келісімшарт, «Қазфосфат» ЖШС – 23,9 мың тонна аммофосқа 146 келісімшарт жасалған», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Жалпы биылғы күзгі орақ жұмыстарына 7,3 мың комбайн, оның ішінде 3,9 мың өнімділігі жоғары, 12,7 мың трактор, 9,1 мың трактор тіркемесі және 5,8 мың жүк көлігі дайын.Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы сомасы 31,6 млрд теңгеге 1163 жаңа техника сатып алған. Олардың 107-сі өнімділігі жоғары астық жинайтын комбайн, 205 трактор, 335 дән сепкіш, 51 егіс кешені және 563 басқа да техника мен құрал-жабдықтар.Бүгінгі таңда облыста егінді қабылдау және астық сақтау қызметін көрсету үшін жалпы көлемі 3,2 млн тоннаны құрайтын 46 элеватор жұмыс істейді.Облыстағы резервуарлардың жалпы сыйымдылығы ауыл шаруашылығы құрылымдарын қоса есептегенде 6,9 млн. тоннаны құрайды

Тағы оқыңыз:СҚО-да құтқарушылар жоғалған жігітті іздеп тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x