Этносаралық шиеленістердің алдын алу. Петропавлда «Елдесу және татуласу» жобасы аясында семинар өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шараға Астанадан медиация саласының өкілдері үздіктері келіп, солтүстікқазақстандықтарға дәріс оқыды. Мақсат — өңіріміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін нығайту, мәселелерді медиация шеңберінде шешу.

Медиаторлар халық арасындағы дауларды тобықтай сөздің түйінімен шешетін бұрынғы қазақ билері іспеттес. Аталған сала жүздеген ұлт өкілін бір тудың астында ұстап тұрған мемлекетіміз үшін ауадай қажет. Шара теріскейліктердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

СҚО-да этносаралық шиеленістердің алдын алуға арналған семинар өтті
СҚО-да этносаралық шиеленістердің алдын алуға арналған семинар өтті

«Егер адамдар заңды білсе бес саусағындай білсе, шиеленістер де аз болатыны сөзсіз. Шағымдардың көбі сотқа дейін жетпес еді. Қазіргі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмңр сүруде. Бірақ, этносаралық шиеленістердің болуы ғажап емес. Сондықтан, осындай шараларды өткізу аса маңызды», — деді ҚХА республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы Шерзод Пулатов.

Мәселен, әр ұлттың тілі, діні, құндылықтары мен әдет-ғұрыптары әртүрлі. Мұндай қоғамда ауызбіршілікті ұстап тұру өте қиын. Тіпті, этностар арасындағы шиеленіс қақтығыстарға алып келуі мүмкін. Келеңсіз жағдайларға болдырмауда этномедиацияның қоғамдағы рөлі ерекше.

Басқосуға білім, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Шара барысында мемлекет органдардың этносаралық қақтығыстардың алдын алуда қандай жұмыстарды атқару қажеттігін түсіндірілді. Онымен қоймай, болуы мүмкін келеңсіз оқиғалардың себептері мен салдарын талқыланды. Білікті мамандар алдағы уақытта Петропавлдағы бірнеше мекемеге барып, дәріс оқуды жоспарлап отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да орақ науқаны 72 пайызға тәмәм

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *