Петропавлда ер адам екі көлікті заңсыз айдап әкеткен. Полицейлер күдіктіні дер кезінде ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл қаласында ер адам «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктерді заңсыз айдап әкеткен. Полицейлер 25 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктінің айтуынша, екі жағдайда да ол тек межелі жеріне тезірек жетуді көздеген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында жүргізушілерден оталдыру кілттерін көлік салонында қалдырмауды, сенімді дабыл жүйесін қолдануды сұраймыз. Сонымен қатар, мүмкіндігінше автокөліктерді күзетілетін тұрақтарға немесе жарықтандырылған жерлерге, бейнебақылау камераларының көру аймағына қоюды ұсынамыз», — деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Осы қарапайым қауіпсіздік талаптары туралы полицейлер автокөлік иелеріне «Абайла, көлік ұрлығы» атты республикалық жедел-профилактикалық шарасы аясында еске салды. Аталған іс-шара Солтүстік Қазақстан облысында 21–23 қаңтар аралығында өтті. Тәртіп сақшылары 197 техникалық қызмет көрсету станциясын, автотұрақты және автокөлік бөлшектерін сату нүктелерін тексерді.

Негізгі назар автокөлік бөлшектерінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталды. Пайдаланылған қосалқы бөлшектерді белгіленбеген орындарда сатқан 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде 140 сарбаз ант қабылдады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *