СҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында екі жүк көлігінің қатысумен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты Астана-Петропавл бағытындағы тас жолда болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

18 қазан күні Аққайың ауданындағы Рублевка ауылының маңында HOWО жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Нәтижесінде ол қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан HOWO жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі алған жарақаттардың салдарынан оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабаралды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сүйіктісін қызғанған ер адам екі адамды балтамен ұрып тастаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x