Солтүстік Қазақстан облысында жұқпалы респираторлы вирустың күшеюіне байланысты бірқатар мектептер мен жеке сыныптар уақытша қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, 54 мектепте 1896 оқушының ЖРВИ-мен ауырғаны тіркелген, деп жазады Qazaqstan Media.
Аурушаңдық үлесі 30%-дан асқандықтан, 292 сыныптың 2856 оқушысы қашықтан білім алып жатыр. Сабақтар толық көлемде цифрлық білім беру платформалары арқылы жүргізілуде.
«Облыста толық қашықтан оқуға ауысқан мектептер бар. Олар Айыртау ауданы – Арықбалық орта мектебі және Шал ақын ауданы – Ақан-Барак орта мектебі. 52 мектепте жекелеген сыныптар қашықтан оқиды. Петропавл қаласында 20 мектептің кейбір сыныптары онлайн форматта оқып жатыр»,-деп хабарлады СҚО білім басқармасы.
Аудандар бойынша, М. Жұмабаев ауданында 5 мектеп, Шал ақын ауданы – 10 білім ордасы, Тайынша ауданы – 2, Қызылжар ауданы – 7 мектеп және Уәлиханов ауданының бір мектептің кейбір сыныптары қашықтан білім алуда.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апаты салдарынан көлікте қысылып қалған әйел құтқарылды

