Солтүстікқазақстандық диқандар 1,5 млн гектарда жердегі ырыс дәнін орып алды. Бұл жалпы аумақтың 50 пайызға жуығын құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны жалғасып жатыр. Жедел деректерге сәйкес, 2025 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 1,5 млн гектардағы дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бастырылған немесе қоймаға жеткізілген астықтың көлемі 2,5 млн тоннаға жуықтайды.
СҚО-да күзгі дала жұмыстарына жеті мың комбайн, 12 мыңнан астам трактор және 5 мың 600 жүк көлігі қатысуда. Диқандардың қарқыны жаман емес. Олар қолайлы ауа райында күн-түн демей еңбек етуде.
Әзірге орақ науқанындағы орташа шығымдылық 16,5 центнерді құрап отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды