Биыл өңір аумағында 464 өрт оқиғасы орын алған. Соның 58-і көліктердің жануымен байланысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Салдарынан 170 млн теңгеден астам материалдық шығын келді. Бұл былтырғыдан шамамен екі есеге көп. Жайсыз жайттардың алдын алу үшін елімізде желтоқсанның 1-і мен 5-і аралығында «Газбаллон» акциясы ұйымдастырылды.

Арнайы рейд аясында солтүстікқазақстандық құтқарушылар мен полицейлер көгілдір отынмен жүретін автомобиль иелерін тоқтатып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Айдың соңына таман мамандардың жұмысы артады. Олар мереке қарсаңында «Қауіпсіз Жаңа жыл» және «Пиротехника» атты қос шара өткізбек. Бұл бастамалар әдеттегідей адамдардың, дүние-мүліктің саулығына бағытталған.

СҚО-да биыл 58 көлік жанған
СҚО-да биыл 58 көлік жанған

«Өрттің салдарынан облыс аумағында 32 адам қаза тапты. Былтыр осы кезеңде 30 адам көз жұмған еді. Ағымдағы жылы ажал құшқандардың үшеуі — бала. Ал 14 тұрғын улы газға уланып қалды. Өкінішке қарай, екеуі өмірмен қоштасты. Қазір өңірімізде жылыту маусымы өтіп жатыр. Күн күрт суытты. Жер үйлерде жиі пеш жағылады. Қауіпсіздікке баса мән беру қажет. Жерлестерімізді абай болуға шақырамыз!», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз: Петропавлда есірткі сататын интернет-дүкеннің операторы ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *