Биыл облыстық перинаталдық орталықта 3,5 мыңнан астам бала дүние есігін ашқан. Соның 200-і мерзімінен бұрын туыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам бала шала туады. Бұл барлық дүниеге келген сәбилердің шамамен 5 пайызын құрайды. «Бұған себеп – әйелдердің алдын ала дәрігерге барып қаралмауы»,- дейді мамандар. Жасырын қалған сырқат кейін жүктілікке кері әсер етеді.
«Шала туған шақалақтардың салмағы 2,5 келіден аспайды. Ең азы – 500 грамм. Мұндай балалар 25-ші немесе 30-шы аптада дүниеге келеді. Содан кейін оларды анасынан бөлек вакуумға жатқызамыз. 40 аптадан асқанда ғана өзге балалардың қатарына енеді», — деді облыстық перинаталдық орталықтың неонатология блогының жетекшісі Наталья Салохина.
Қазір ана мен бала мекемесіндегі жаңа туған нәрестелер паталогиясы бөлімшесінде 18 жас ана жатыр. Оның 16-ның нәрестелері уақытынан бұрын өмірге келген. Өткен жылы орталықта шала туған және денсаулығында кінәрәты бар балаларға арналған «Қамқорлық» ерте дамыту орталығы ашылған болатын.
Мұнда бүгінге дейін 200-ге жуық бала ем алған. Олар үш жасқа дейін екі-үш курстан тұратын 15 күндік оңалту шараларынан өтеді.
Тағы оқыңыз: Петропавлдық жастар жалғызілікті зейнеткерге көмектесті

