СҚО-да сегіз айдың ішінде жол-көлік оқиғаларының салдарынан 28 адам көз жұмды. Қайғылы жайттардың алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Науқан 15-30 қыркүйек аралығында өтеді. Шара аясында патрульдік полицияның жұмысы күшейтілді. Бейнетіркеу құралдары мен жасырын патрульдеу белсенді қолдануда.

Іс-шараның алғашқы күнінде жол қозғалысы ережелерінің 249 түрлі бұзушылығы анықталды. Оның ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаудың 48 дерегі анықталды. Сонымен қатар, 12 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген, сегіз жүргізуші маневр жасау ережесін бұзған.

Жол-көлік оқиғаларына жасалған талдау бойынша соңғы аталған бұзушылық жолдағы адам өлімінің негізгі себептерінің бірі. Жыл басынан бері маневр жасау ережесін бұзудың салдарынан 11 адам қаза тапты.

Ерекше назар республикалық маңызы бар трассалардағы қозғалыс қауіпсіздігіне аударылуда. Өңірдегі өліммен аяқталған жол апаттарының жартысынан астамы дәл осы жолдарда тіркелген. Барлығы — 17 адам. Полицейлер тек ереже бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде рөл тізгіндеген жандарға жылдамдықты асырмау, шаршаған күйде көлік жүргізбеу қажеттігін ескертіп жатыр.

«Полицейлер жаяу жүргіншілерге де арнайы үндеу жасады. Қаңтардан бері СҚО-да 362 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 103-і – жаяу жүргіншілерді қағу деректері. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 100 адам жарақат алды. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жолды тек белгіленген жерден ғана кесіп өтуге шақырады»,- СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Интернет, STEM және жасанды интеллект: Ғабит Мүсірепов ауданындағы білім беру саласының даму қарқыны

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *