Солтүстік Қазақстан облысында 16-шы қазан күні екі жер үй өртеніп кетті. Оқиғалар Тайынша және Есіл аудандарында болған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт оқиғалары түнгі уақытта болған. Тайынша ауданындағы Новогречановка ауылында өрт болғандығы туралы хабарлама 112 нөміріне сағат 23:25-те келіп түскен.  

СҚО-да бір күнде екі үй өртеніп кетті

«Жер үйден шыққан өрт кейін маңындағы қора-қопсыны да шарпып өткен. Жалпы, қызыл жалын 72 шаршы метр аумаққа таралып кетті. Мамандар отты түнгі сағат бірден 20 минут кеткенде толықтай ауыздықтаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Екінші оқиға Есіл ауданы Петровка ауылында болды. Мұнда да от түнде, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан  шыққан. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағат ішінде сөндіріп үлгерді. Екі оқиғада да мамандарға жергілікті тұрғындар көмекке келген.

Қазір Есіл ауданындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін тұрғындар қаржы жинап жатыр.

Егер ақшалай көмек жіберетіндер болса, 87057561273 нөмірі арқылы Шубина Анжеланың атына ақша аударуға болады.

Сонымен қатар, 10 және бес жастағы ұлдарға киім-кешек қажет екен. Оған қоса ыдыс-аяқ, төсек орын да беруге болады. Себебі баспана толығымен жанып кетіпті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да табиғатты қорғау полициясы әкімшілік заңнаманы бұзған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x