СҚО-да бір күнде үш мас тракторшы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында ауылда арақ ішіп, трактор айдаған үш ер адам ұсталды. Олардың барлығы Жамбыл ауданының тұрғындары, деп жазады Qazaqstan Media.

Учаскелік инспекторға тракторшылардың мас екендігі туралы ақпарат келіп түседі. Оны тексеру барысында, ақпарат расталды. 50 және 39 жастағы ер адамадар мас күйде ауыл арасындағы жолмен тракторды айдап келе жатқан жерден ұсталды.
Дәл сол күні аталмыш ауданда тағы бір мас тракторшы анықталды. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер ЮМЗ-6 тракторын тексеру үшін тоқтатты. Жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрған. Медициналық тексеріс оның орташа масаң күйде болғанын көрсетті.

«Өткен демалыс күндері ауданда бес мас жүргізуші ұсталды. Оның біреуі есірткілік масаң күйде болған. Жол қауіпсіздігін нығайту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде және облыстық полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында», – деді Жамбыл ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Данияр Әбілев.

Тағы оқыңыз: Кадрлық ауыс-тиіс: СҚО полиция департаментінде жаңа тағайындаулар

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x