Солтүстік Қазақстан облысында бидай толы тіркеме аударылып қалды. Астық жол үстіне шашылып, көлік қозғалысын қиындатқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға Ақжар ауданының аумағында болған. Көкшетау-Омбы тас жолы арқылы Талшық ауылына бидай тасымалдап жүрген Shacman ауыр жүк көлігінен ақау шығып, бидай тиелеген тіркеме аударылып қалған. Салдарынан астық жолға шашылып, көлік қозғалысын қиындатқан.
Жол-көлік оқиғасы болғанын патрульдік полиция қызметкерлері көріп, көмекке келді. Қаладан манипулятор келгенше, тәртіп сақшылары сол маңдағы шаруашылықтардың бірінен жүк тиегішті табуға көмектескен. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары сол аралықта жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
«Жолда осындай жол-көлік оқиғасын байқаған кезде патрульдік полицейлер міндетті түрде жылдамдықты азайтуға кеңес береді: шашылған астық жол үстінде жүруді күрт төмендетеді. Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылап отыруды сұрайды», — деп ескертеді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Аrtemia salina шаянын заңсыз аулаған топ ұсталды