СҚО-да бес мектептің оқушылары мемлекеттік емтиханнан босатылады

Солтүстік Қазақстан облысында бес мектептің  оқушысы барлық емтихандар мен сынақтардан босатылады. Жалпы, 754 бала. Мұндай бұйрықты білім министрлігі шығарған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Емтихан мен сынақтардан босатылған мектептердің қатарында Петропавл қаласындағы №12,13,14 ОМ және Қызылжар ауданындағы Озерный мен Большая малышка ауылдарындағы оқу ордалары бар.

«Білім сапасы бірінші орында тұрады. Сондықтан мамырдың 27 мен 31 аралығында және тамыздың 26 мен 30 аралығында «жазғы мектеп» жұмыс істейтін болады. Онда балалар өткен тақырыптарды қайталайды. Жазғы мектептер облыстың 422 білім ордасында ұйымдастырылып, 21 мыңнан астам оқушыны қамтымақ», — деді Татьяна Протопопова.

Облыста 11-сынып түлектерінің 85-і «Алтын белгіге» үміткер. Ал ерекше үлгідегі аттестатқа 11- сыныптың 117 және 9 сыныптың 382-і оқушысы қол жеткізуі мүмкін.

Емтихандарды мектептегі арнайы мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады. Ал «Алтын белгіге» үміткерлердің жұмысын облыстық комиссия тексереді. Аттестаттарды табыстау мектеп қабырғасында маусымның 12 мен 15 аралығында өтеді.

Тағы оқыңыз: Баспана барлық талаптарға сай салынып жатыр – техникалық қадағалаушы

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x