Солтүстік Қазақстанда жіті респираторлы вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт өскен. Дерт әсіресе, балалар арасында өршіп тұр. Бұл туралы СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады, деп жазады Qazaqstan Media.

Эпидмаусым басталғалы өңірде 10296 адам ЖРВИ жұқтырған. Оның 6855-і бала, яғни ауырып жатқандардың 66 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Соңғы аптаның өзінде Солтүстік Қазақстанда 3073 тұрғын вирус жұқтырыпты.  

«Маусымдық тұмау кезінде адамда бірден дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады. Басы және бұлшықеттері, буындары ауырады. Қазіргі кезде тұмаудың алдын-алудың басты әдісі вакцинация. Ол тұмаудың жеңіл өтуіне септеседі. Облыста бірінші қазаннан тұмауға қарсы иммунизация жүріп жатыр. Ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы бар», — деп хабарлады СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Бүгінгі күні облыстың 43 мыңға жуық тұрғыны екпе алған. Оның басым бөлігі медицина қызметкерлері  7315 адам. Оған қоса, диспансерлік есепте тұрғандар, балалар мен қарттар үйінің тұрғындары да тұмауға қарсы екпе алыпты.

Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз алкоголь және темекі өнімдерін сатпақ болған көкшетаулық ұсталды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x