СҚО-да ауылда жұмыс істейтін бес мың маман әлеуметтік төлемнен қағылған

Солтүстік Қазақстан облысында ауылды жерлерде жұмыс істейтін бюджеттік сала мамандарына әлеуметтік төлемдер берілмеген. Бұл прокуратура органдарының тексерісінен кейін анықталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірміздің Қызылжар, Ғ. Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын және Тайынша аудандарында жұмыс істеп келген бюджеттік сала мамандарына заңды ақылары төленбеген. Ол денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласында еңбек етіп жүрген бес мың маман. Оларға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін төленуі тиіс әлеуметтік көмек берілмеген.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді. Бүгінгі таңда екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленуде. Осылайша, ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқықтарын қорғауға қол жеткізілді», — деп жазылған СҚО прокуратурасының хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 24-ші қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x