Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз қару сақтаған азаматтарды анықтады. Мұндай жағдай облыстың бірнеше ауданда тіркелген

Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз қару сақтаған азаматтарды анықтады. Мұндай жағдай облыстың бірнеше ауданда тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО полицейлері Аққайың ауданының тұрғынынан  ИЖ-34 аңшылық мылтығын тәркіледі. Шопан оны өзі тұратын вагонда сақтап келген. Ал Мағжан Жұмабаев пен Шал ақын ауданының тұрғындары қаруды  үйлерінде жасырған.

«Көбі қаруды тауып алдық деп ақталады. Ал. Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына МЦ 21-12 бесатысты қаруы атасынан мұра болып қалған. Естеріңізге сала кетейік, қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оның туыстары қаруды өзіне қайта тіркеуі немесе комиссиялық сатуға шығаруы керек. Тіркелмеген қару – қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Оны сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен тек ерікті түрде беру ғана құтқарады. Өңір полицейлері 5 қыркүйектен бастап «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.  Содан бастап облыста барлығы 4  тіркелмеген қару мен 9 патрон тәркіленді. Тіркелген қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларын ескермеген 5 азамат анықталды. Заңды бұзған барлық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты: Бидайдың бағасы 1,5-2 есеге арзандады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x