СҚО-да «Ауыл» партиясы студенттік құрылыс жасағының мүшелерін марапаттады

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарын жоюға қатысқан студенттер марапатталды. Бұл жолы «Ауыл» партиясы студенттік құрылыс жасағының мүшелеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Студенттердің құрылыс жасағы бірінші болып Солтүстік Қазақстан облысында құрылды. Олар тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан баспаналарды тұрғызуға ат салысқан. Жастар Петропавл қаласында жаңадан құрылған Бірлік ықшам ауданында жұмыс істеген.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды жұмысшылар жылы деп атап өткен болатын. Осы орайда жастар арасында қарапайым жұмысшылардың беделін көтеру мақсатында, құрылыс жасағында жұмыс істеген М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерімен кездесіп, оларды марапаттадық. Олар адал еңбек етті, соны бағалау керек», — дейді «Ауыл» партиясының орталық аппарат басшысы Қуаныш Сейітжанов.

Партия марапатын Санжар Темірбай да алды. Оған қол сағат та сыйланды. Төртінші курс студенті тарих және экономика факультетінде оқиды екен. Алғашында ерікті ретінде халыққа көмек көрсетсе, кейін партия қатарына өткен.

СҚО-да «Ауыл» партиясы студенттік құрылыс жасағының мүшелерін марапаттады

«Су тасқыны басталған кезден белсенді жұмыс істедік. Кейін наурыз айында «Ауыл» партиясына мүшелікке кірдім. Құрылыс компанияларына көмектестік. Еңбегіміз бағаланды. Қиын кезде қол ұшын созу әр азаматтың міндеті», — дейді белсенді жас.

Бүгінгі таңда 50 петропавлдық жас аталмыш партияның қатарына енген.

Тағы оқыңыз: Серуендеуге шыққан петропавлдықты екі адам ұрып кеткен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *