Жамбыл ауданында мұғалім интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Ұстаз өзін «салық қызметкерімін» деп таныстырған әйелге сеніп, өз атына 14 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

32 жастағы ауыл тұрғынына бейтаныс әйел қоңырау шалып, өзін салық органдарының қызметкері ретінде таныстырған. Ол салық берешегін тексеру керек деп мұғалімді «1414» ресми нөмірінен келген СМС-кодты айтуға көндірген.

Кейін әйелге өзін «Ұлттық банк” маманымын таныстырған басқа біреулер хабарласқан. Олар оның атына алаяқтар несие рәсімдеп жатқанын айтып, есепшотты бұғаттауға көмектесеміз деп уәде берген. Видеоқоңырау кезінде алаяқтар банктердің логотипі бар жалған құжаттарды көрсетіп, не істеу керектігін нақтылап отырған.

«Жәбірленуші олардың нұсқауымен «eGov» қосымшасы арқылы жаңа ЭЦҚ-ны жасаған. Сосын бірнеше банктің мобильді қосымшаларын жүктеп, өз атына несиелер рәсімдеген. Барлық ақшаны алаяқтар айтқан «қауіпсіз шотқа» аударған»,-деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Нәтижесінде мұғалім 13 миллион 979 мың теңгесінен айырылды. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тәртіп сақшылары қылмыскерлерді анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын зерттеуде.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 425 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға аз. Шығын көлемі 887 миллион теңгеден асып жығылады.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында ерлі-зайыптыларды балтамен ұрып өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *